М.Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы білім нысандарының құрылыс барысын бақылады

М.Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы білім нысандарының құрылыс барысын бақылады

Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Қала әкімі құрылысы өткен жылы наурыз айында басталған әлеуметтік нысанның құрылыс барысын бақылады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жауапты мердігер мекеме - “Жаңа Арна 2002” ЖШС. Жобаның сметалық құны - 1 020 553,0 мың теңге.

Құрылысты жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, қала әкімі тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусы құрылысының барысын да аралады .

Нысан құрылысы “А.Р.Т.-Құрылыс” ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме құрылысты биыл тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі...

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды...