Алматыдағы көші-қон жүктемесін азайтудың негізгі тәсілдері анықталды

Алматыдағы көші-қон жүктемесін азайтудың негізгі тәсілдері анықталды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізді, онда еліміздің ең ірі қаласындағы көші-қон жүктемесін төмендетудің негізгі тәсілдері айқындалды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеудің өзекті мәселелері және Алматы қаласындағы көші-қон жүктемесін азайтуға көмектесетін агломерациялық аумақтарды дамыту перспективалары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелерін Жол картасына енгізу бойынша шаралар кешені әзірленіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тәсілдері айқындалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда жоғары оқу орындарының проректорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда...

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...