«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Үкімет қаулысымен «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді. Құжат азаматтардың экологиялық мәдениетін, табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған. Бұл тұжырымдамада экологиялық бастамаларға белсенді қатысатын бизнес пен ірі кәсіпорындар маңызды рөл атқарады. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...