Мемлекет басшысы көрме павильонын аралап көрді

Мемлекет басшысы көрме павильонын аралап көрді

Түрікменстан, Аваза қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысушы делегация басшылары Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Көрермендер ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан экспозициясын тамашалады. Павильонда қонақжайлық пен ырыс-берекені паш ету үшін киіз үй тігілген.

Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды.

Сондай-ақ көрмеде Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мәдени мұрасы мен меймандос халқының бай рухани қазынасымен танысуға болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі...

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды...