ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында ұлттық халық санағына дайындық басталды

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында ұлттық халық санағына дайындық басталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында ұлттық халық санағына дайындық кезеңі басталды, деп хабарлайды No-comment.kz

Ұлттық халық санағы 3 кезең бойынша өтеді.

Әл-Фараби ауданының мамандары Шымкент қаласының Статистика департаменті қызметкерлерімен бірлесе халық санағына дайындық кезеңін бастады.

Маусым айында мекенжай мен тұратындар санын нақтылау мақсатында ауданға қарасты барлық тұрғын және тұруға арналмаған үй-жайларды толығымен аралап шығады. Бүгінде Сауле, Көркем (Забадам), Береке (195, 275,276 орамдар) шағын аудандарында үй басқарушылармен бірге халық санағы бойынша түсіндіру жұмыстары жүрігізілуде. Айта кетейік, аудан аумағын аралап, халық санағын жүргізетін интервьюердің мөрмен расталған куәлігі, 2021 жылғы санақтың белгісі бар көк түсті портфелі мен шарфы болады.

Жалпы халық санағы 2021 жылы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткізіледі. Кез келген сұрағыңызға жауапты 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...