Полицейлер тұрғындарға медициналық бетперде таратуды жалғастырып жатыр

Полицейлер тұрғындарға медициналық бетперде таратуды жалғастырып жатыр

Еңбекші аудананының Полиция басқармасының ұйымдастыруымен «COVID-19» инфекциясының алдын алу мақсатында игі іс-шара өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Миллионды қаланың көшелері мен көпшілік орындарда полициейлер медициналық бетперделерді тегін үлестірді. Арнайы белгісі бар бетпердені тарату барысында полицейлер Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы Қаулысына сәйкес, қала аумағындағы карантин талаптарының сақталуына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, акция барысына қала тұрғындарына  200 дана тегін медициналық маска таратылды. Ондағы мақсат - азаматтардың бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін түсіндіріп, арнайы дағдыны қалыптастыру. Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді.

Осы орайда, полиция қызметкерлері жергілікті жұрттан сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...