Шымкентте қосымша инфекциялық стационар ашылды

Шымкентте қосымша инфекциялық стационар ашылды

Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханасы жанынан 100 орынға арналған инфекциялық стационар ашылды. Аталған медициналық нысанның науқастарды қабылдау процесімен қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты жасақталған бұл стационар жүкті әйелдерге арналған. Резервтік стационарда реанимациялық төсек орындар мен науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейді.

Әкім орынбасары індетпен күресте жалғыз тиімді әдіс – вакцинация екенін айтып, жақындарымыз бен айналамыздағы адамдардың денсаулығына жанашыр болуға шақырды.

Айта кетейік, қазір қалада инфекциялық ауруға шалдыққан 1346 азамат стационарда ем қабылдауда. Төсек-орын толымдылығы 61% құрайды. Өткен тәулікте 421 науқастан коронавирус анықталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған...