Көше атауы жазылған тақтайшалар орнатылуда

Көше атауы жазылған тақтайшалар орнатылуда

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында атауы жоқ 265 көшеге республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысы шығып, қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, көше атаулары берілді. Аталған көшелерге жаңа үлгідегі QR коды бар тақтайша ілу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Нұршуақ және Құрсай шағынауданындарында жалпы саны 60 көшеге ілу жұмыстары атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Аталған жұмыстар биыл өткізілетін «ҚР халқының ұлттық санағын» тиімді әрі жоспарлы түрде өткізуге мүмкіндік береді. Себебі тақтайшадағы QR-кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалана алады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған...