Шымкент қаласы әкімдігінде ашық диалог: Руслан Берденов азаматтарды қабылдады

Шымкент қаласы әкімдігінде ашық диалог: Руслан Берденов азаматтарды қабылдады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Іс-шарада тұрғындардың мәселелері тыңдалып, заң аясында шешу жолдары айтылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Руслан Арысбекұлының қабылдауына жалпы 13 адам жазылған. Олар негізінен, жер телімдерін заңдастыру, жерді мұқтаждыққа алу бойынша туындаған мәселелерді көтерді. Тұрғындардың бәрі де жер қатынастары саласы бойынша шағымдарын жеткізді.

Қала әкімінің орынбасары азаматтардың сауалдарына жауап беріп, бәрі де заң аясында шешімін табатынын айтты. Тиісті басқарма өкілдеріне бірқатар тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі...

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды...