Құрметті жұмыскерлер мен жұмыс берушілер!

Құрметті жұмыскерлер мен жұмыс берушілер!

«Парыз» конкурсына қатысуға шақырамыз!

«Парыз-2025» байқауына өтінім қабылдау басталды

Шымкенттік кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2025» байқауына қатыса алады. Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде өтеді.

Негізгі номинациялар:

  • Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын – қызметкерлер мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту жобалары қаралады.
  • Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын – еңбек жағдайын жақсарту шаралары ескеріледі.
  • Үздік ұжымдық шарт – қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын жақсартуға бағытталған шарттар бағаланады.
  • Экологияға қосқан үлесі үшін – қоршаған ортаны қорғау бойынша ерекше бастамалар марапатталады.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесетін үздік жобаға арнайы сыйлық тағайындалады.

Қатысу шарттары:

  • Кәсіпорынның үш жылдан астам жұмыс істеуі
  • Еңбек заңнамасын бұзбауы
  • Қайырымдылық қызметпен айналысуы

Өтінімдер 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығында қабылданады.
Мекенжайы: Шымкент қ, Нұрсат м/а, С.Бәйтереков көшесі, 89 (6 каб.)

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...