Полицейлер фильм көрсету арқылы жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды

Полицейлер фильм көрсету арқылы жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес бойынша профилактикалық жұмысты үздіксіз атқарып келеді. Соның бірі облыс орталығындағы "Тұран" сауда орталығының кинотеатрында "Шекер" фильмінің көрсетілімі кезінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Фильмді көрсетудің басты мақсаты - жастардың есірткі, оның ішінде "синтетикалық" есірткіні тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру. Сондай-ақ көрермендерге заңсыз әрекеттерге жоламау туралы ой салуға бағытталды.
Шара барысында тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, "синтетикалық есірткінің" зияндылығы туралы білуге және оларды қолданудан аулақ болуға шақырды. Көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, естелік сыйлықтар таратты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда жоғары оқу орындарының проректорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда...

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...