Бүгін А.Диваев көшесіндегі гүлзар пайдалануға берілді

Бүгін А.Диваев көшесіндегі гүлзар пайдалануға берілді

Әл-Фараби ауданы аумағында қала әкімінің бастамасымен соғылған жаңа гүлзар ел игілігіне берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Ғабит Әбдімәжитұлы арнайы қатысып, жергілікті халықпен тілдесті. Тұрғындар әсем гүлзардың салынғанына ерекше ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Жалпы аумағы 0,31га құрайтын А.Диваев көшесінде орналасқан гүлзарда шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды. Жалпы 20 көпқабатты тұрғын үй мен 3 300 адамды қамтитын гүлзарда балаларға арналған 2 әткеншек, 1 шахмат үстелі, 2 теннис үстелі, 18 мәрмәрдан жасалған орындық, 13 қоқыс жәшігі, 4 вазон, 34 жарықшам бағанасы, 6 пергола, 14 декоративті тас орнатылды. Құрылыс жұмыстары барысында 1031 ш.м құрайтын аумаққа мәрмәрдан жасалған аяқжол салынып, 1014 ш.м аумақ көгалдандырылды.
Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін 2 велотұрақ, ауызсу бұрқағы және фотоаймақ жасалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда жоғары оқу орындарының проректорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда...

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...