Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары Президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...