Семейде Ұлттық домбыра күніне орай Абайдың домбырасы көрмеге қойылды

Семейде Ұлттық домбыра күніне орай Абайдың домбырасы көрмеге қойылды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ашылды. Көрмедегі ең құнды жәдігерлердің бірі – музей қорында сақталған Абай Құнанбайұлының домбырасы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Көпшілік назарына 30-ға жуық жәдігер ұсынылды. Олардың қатарында Абайдың домбырасымен бірге, Шәкір Әбенұлы мен Ахат Шәкәрімұлының музыкалық аспаптары да бар.

Қазақ мәдениетінде өзіндік қолтаңба қалдырған тұлғалардың музыкалық аспаптары да көрмеде жинақталды. Келушілер Мәдениет Ешекеевтің, Болат Сыбановтың, Арғынбек Ахметжановтың, Нұридден Иманбаевтың және өзге де өнер иелерінің домбыраларын тамашалай алады.

Экспозицияға Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі мен Қостанай қаласындағы Абай атындағы мектептен музей қорына табысталған музыкалық аспаптар, сондай-ақ Абайдың музыкалық мұрасы мен қазақтың халық аспаптарының тарихына арналған ғылыми еңбектер де қойылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...