«Опера түні» жобасы аясында көпшілікке Абай атындағы театрдың жұмысы таныстырылды

«Опера түні» жобасы аясында көпшілікке Абай атындағы театрдың жұмысы таныстырылды

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұйымдастырған екі күндік «Опера түні» жобасы аяқталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаның екінші күні театр ғимаратында жалғасты. 500-ден астам адам театрдың тарихи залдарын, дайындық бөлмелері мен сахна сыртын аралады.

Келушілер театр ұжымының жұмысымен танысып, дайындық барысын тамашалады. Экскурсия кезінде театрдың күнделікті тынысы таныстырылды.

Кештің көркін театр декорациялары арасында өткен камералық концерт аша түсті. Мұндай формат көрермен үшін академиялық өнердің ерекшелігін жаңа қырынан ашты.

Екі күнге созылған жобаға театрдың жетекші солистері, жас орындаушылар, симфониялық оркестр мен хорды қоса алғанда, 200-ден астам өнерпаз қатысты.

«Опера түні» жобасы –театрдың 92-маусымын қорытындылаған іс-шаралардың бірі. Жоба аясында ашық аспан астындағы концерт, камералық музыкалық кеш пен экскурсия ұйымдастырылып, көрерменнің театр өнеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...