Дзюдошы Ерғали Шәмей Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Дзюдошы Ерғали Шәмей Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Ерғали Шәмей 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы пара дзюдодан тұғыр биігіне көтерілді. Ерғали 73 келі салмақта (J1 санаты) финалға дейін жетіп, ақтық сында румыниялық Флорин-Александру Бологаға жол берді. 

Осылайша, Париждегі Паралимпиада ойындарын күміс медальмен аяқтап отыр.

Айта кетелік, Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының жүлделер саны жетеу. 

Алтын медальді Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) пен Акмарал Науатбек (пара дзюдо) жеңіп алса, мерген Еркін Ғаббасов пен жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали күміске қол жеткізді. Қола жүлдегерлер қатарында Дастан Мұқашбеков пен Даяна Федосова бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...