Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Ақмарал Науатбек  Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы пара дзюдодан сынға түсті. Ол 48 келі салмақта финалға шыққан болатын  (J2 категориясы).

Шешуші белдесуде Ақмарал франциялық  Сандрин Мартинемен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Давид Дегтяров  (пара пауэрлифтинг) алтынға қол жеткізді. 

Мерген Еркін Ғаббасовтың еншісінде күміс, пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбековте қола медаль бар. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақордада өткен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды...