Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші матчында жеңіске жетті

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші матчында жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден Словакияның  Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

D тобындағы іріктеу турнирі аясындағы екінші матчты Қазақстан құрамасы Австрияға қарсы өткізді. 

Өте тартысты ойынның тағдыры соңғы минуттарда шешілді. 

Алдымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Бреус ойынның 2-минутында есеп ашып, команданы алға шығарды. 

Ал 43-минутта австриялық хоккейші Рафаэль Хербургер есепті теңестірді. 

Араға он минут салып Тамирлан Гайтамиров Қазақстан құрамасын алға шығарды. Есеп - 2:1. 

Қазақстан құрамасы матч соңына дейін осы басымдықты ұстап, топтағы екінші матчта жеңіске жетті. 

Қысқы Олимпиада жолдамасын топта жеңімпаз атанған команда ғана иеленеді. Қазақстандықтар шешуші  матчта Словакияға қарсы ойнайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...