Теннистен олимпиада жеребесі: Қазақстандықтардың алғашқы айналымдағы қарсыластары

Теннистен олимпиада жеребесі: Қазақстандықтардың алғашқы айналымдағы қарсыластары

2024 жылғы Париж Олимпиадасында үлкен теннистен жеребе тартылды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші кездесуін румыниялық Критиан Жаклинге қарсы өткізеді. 

Юлия Путинцеваның қарсыласы - украиналық Марта Костюк. 

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Александр Бублик америкалық Тэйлор Фрицпен ойнайды. Ал Александр Шевченконың қарсыласы - чехиялық Якуб Меншик. 

Жұптық сындағы қазақстандық теннисшілердің қарсыластары:

Бублик/Недовесов (Қазақстан) – Попырин/Де Минаур (Австралия)

Париж Олимпиадасындағы теннис бәсекесі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында "Ролан Гаррос" стадионында өтеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...