Жеті қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Жеті қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қостанайда Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа 2006 және 2007 жылы туған боксшылар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық жас боксшылар жеті алтын медаль жеңіп алды. 

Атап айтар болсақ,  Халит Бекетов (48 кг), Алмас Нұрлан (54 кг), Ерхан Оңталапов (57 кг), Бекжан Тлебалды (71 кг), Арыстан Нұрмагамбет (75 кг), Ілияс Жандау (80 кг) және Аслан Елдібайұлы (92 кг) турнир чемпионы атанды. 

Сондай-ақ Тәжікстаннан келген үш боксшы алтын медаль алды. Олар: Дамир Муйбалихонов (60 кг), Руслан Гафуров (63,5 кг) және Идрис Ильназаров (92+ кг).

Өзбекстанда екі, Қырғызстанда бір алтын жүлде бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...