Әмір Омарханов Астанадағы челленджер турнирін жеңіспен бастады

Әмір Омарханов Астанадағы челленджер турнирін жеңіспен бастады

Әмір Омарханов Президент кубогі үшін Астанада өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл "Мадрид мастерс" турнирінің іріктеу сайысында бақ сынаған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов үшін бұл өзінің спорттық жолындағы алғашқы челленджер жарысы еді.

Әмірдің қарсыласы әлемнің 794-ракеткасы, ресейлік Максим Жуков 19 жаста болатын.

Бірінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Омарханов брейк жасай білді. Сол басымдылық оған жеткілікті болды – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық жас теннисші 5:2 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, ол мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Дегенмен ойынды эйспен түйіндеді – 6:4. 

Осылайша, ересектер арасында ATP жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізген Омарханов Президент кубогінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 533-ракеткасы, Саба Пурцеладземен таласады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...