Тимофей Скатов ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

Тимофей Скатов ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

Тимофей Скатов Швецияда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 153-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегринодан басым түсті. 

Скатов қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында франциялық Мануэл Гинармен ойнайды.

15-21 шілде аралығында өтетін Бостад додасының жүлде қоры 651 865 еуроға бағаланған. Жарыс жеңімпазы 88 125 еуроға қоса 250 рейтингілік ұпайға ие болады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көмір энергетикасын дамыту және көмір генерациясы жөніндегі ұлттық...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселесі...