Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуға кірісті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуға кірісті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында өтетін жиында бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда.

Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.

Тағы бір айта кетерлік жайт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.

Спарринг серіктестер:

50 келі. Гүлнар Тұрапбай

57 келі. Жайна Шекербекова

75 келі. Жасмин Қизатова

Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...