"Уимблдон": жасөспірімдер арасындағы жұптық сында қазақстандықтар ширек финалға шықты

"Уимблдон": жасөспірімдер арасындағы жұптық сында қазақстандықтар ширек финалға шықты

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында "Уимблдон" турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова мен жапониялық Эни Койкеге қарсы шықты. 

Бірінші партияда Арыстанбекова/Жиенбаева  жұбы 6:2 есебімен басымдық танытса, екінші сетте қарсыластар қарымта қайтарды. Ал супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6. 

Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін Джули Пастикова (Чехия)/Юлия Штузек (Германия) жұбымен кездеседі. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...