Нұрбол Сүлейменов: Дзюдошылар Олимпиада алдындағы соңғы дайындықты өткізіп жатыр

Нұрбол Сүлейменов: Дзюдошылар Олимпиада алдындағы соңғы дайындықты өткізіп жатыр

Дзюдодан Қазақстан командасы қазіргі таңда Алматы облысында дайындалуда. Бұл туралы команданың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан ұлттық құрама командасы Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Қазіргі таңда құрама Испаниядан елге аман-есен оралып, Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Жаттығу жиыны 17 шілдеге дейіін жалғасады. Ұлттық құрама жазғы Олимпиада ойындарына осы жерден аттанады», - деді Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан сынға түседі. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...