Алматыда IJF мамандарының қатысуымен төрешілерге арналған семинар өтті

Алматыда IJF мамандарының қатысуымен төрешілерге арналған семинар өтті

Алматыда дзюдодан төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

01-03 шілде аралығында К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің Дзюдо академиясында төрешілер мен жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру бойынша семинар өтті.

Халықаралық дзюдо федерациясының рефери директорлары – Чжон Ки ЕН, Армен Багдасаров және Азия дзюдо одағының директоры Асхат Житкеевтің қатысуымен өткен бұл семинарға Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жүзге жуық жаттықтырушы мен төрешілер қатысты.

Бүгін төрешілерге «IJF Continental», «IJF International» санатына теориялық емтихан және төрешімен сұхбат өтті, ал 4-7 шілде аралығында Азия Кубогі жарысы кезінде «IJF Continental», «IJF Continental» санатындағы төрешілерге емтиханның практикалық бөлігі өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...