"Уимблдон": Қазақстандық теннисшілер іріктеу кезеңін сәтті бастады

"Уимблдон": Қазақстандық теннисшілер іріктеу кезеңін сәтті бастады

Лондонда теннистен «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңдері жалғасуда, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Михаил  Кукушкин алғашқы айналымда украиналық Виталий Сачконы 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Оның  ендігі қарсыласы – франциялық Бенджамин Бонзи.

Денис Евсеев франциядық Маттео Мартинодан 6:7, 6:2, 7:6 есебімен басым түсті. Екінші айналымда Денис тағы бір франциялық Титуан Дрогемен кездеседі. 

Бейбіт Жұқаев өзінің алғашқы «Уимблдон» додасында австриялық Юрий Родионовты жеңді. Ол келесі кезеңде сербиялық Хамад Медьедовичпен жолығады.

Тимофей Скатов итальяндық Андреа Пеллегриноны ұтып, словакиялық Лукаш Клейнмен кездесетін болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...