Ерлік Сертай: Азия чемпионаты психологиялық тұрғыдан қиын соқты

Ерлік Сертай: Азия чемпионаты психологиялық тұрғыдан қиын соқты

Кувейтте өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдегері Ерлік Сертай құрлық додасындағы жетістігіне тоқталды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл менің ересектер чемпионатындағы алғашқы медалім. Азия біріншілігі маған эмоционалды және психологиялық тұрғыдан айтарлықтай қиын болды. Әсіресе, бар күшіңді бірден сарп етпей, ең соңына дейін үнемдеп жұмсау оңай болмады. Жарыс нәтижесі өте маңызды болғандықтан, бұл жеңістің құны мен үшін алтын медальмен бірдей. Қандай медаль алғанымнан емес, қалай семсерлескенімнен ерекше ләззат алдым», - дейді алғашқы сезімдерін бөліскен Ерлік Сертай. 

Турнир барысында Ерлік Сертай Иран, Ирак, Қытай және Қазақстан өкілдерімен кездесті. Жартылай финалда гонконгтық спортшыға есе жіберді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...