Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогінде бестікке енді

Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогінде бестікке енді

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогінің биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған сынға Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысты. Париж Олимпиадасында бақ сынайтын спортшы үшін бұл жазғы ойын қарсаңындағы маңызды жарыс болғаны сөзсіз. 

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана 12-орын иеленді. Сондай-ақ, доп жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетіп, 33.65 ұпаймен 5-орынға табан тіреді. 

Еске сала кетейік, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының квотасын иеленген болатын. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...