Тарихи жолдама: Амир Закиров брейкингтен Париж олимпиадасына қатысады

Тарихи жолдама: Амир Закиров брейкингтен Париж олимпиадасына қатысады

Амир Закиров брейкингтен Олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Амир Париж ойындарына жолдама алды. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жеңілді. Осылайша, екінші орынмен қатар, олимпиадалық квота иеленіп отыр. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир 71 ұпай жинады (Шанхайда ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген. 

Айта кетелік, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Демек, Закирдің квотасы тарихи жолдама саналады. Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...