Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден олимпиада квотасын иеленді

Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден олимпиада квотасын иеленді

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының өкілі Әмір Маймұратов  Будапешттегі (Венгрия) іріктеу турнирінен  сәтті өтті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы жылдамдық  бойынша финалға жетіп, күміс жүлде иеленді.

Шешуші сында ол қытайлық У Пэнге есе жіберді. 

Айта кетелік,  іріктеу турнирі екі кезеңнен тұрды. Біріншісі  Шанхайда,  екіншісі Будапештте өтті. 

Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезең қорытындысы бойынша алғашқы жетілікке ену керек. 

Маймұратов жалпы есепте үшінші орын иеленіп, олимпиадалық жолдаманы қоржынға  салды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...