Кирилл Герасименко үстел теннисінен Париж олимпиадасына іріктеуден өтті

Кирилл Герасименко үстел теннисінен Париж олимпиадасына іріктеуден өтті

Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж ойындарына квота алды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Герасименко іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Олимпиадаға жолдама иеленді. 

Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде қазақстандық теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. 

Айта кету керек, Герасименко өз мансабында үшінші рет Олимпиада ойындарына жолдама алды. Ол бұрын Рио-2016 және Токио-2020 ойындарының қатысушысы болған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...