Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында өткізіледі.

Кездесу 11 маусымда сағат 21:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін сегіз мәрте өзара кездесті. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан басым түсті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы 7 маусымда Арменияға 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...