Велоспорттан Алматыдағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Велоспорттан Алматыдағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Велоспорттан Алматыда өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир 6 маусым күні басталады. 

Ересектер арасындағы жекелей сында Рината Сұлтанова өнер көрсетеді. Аралас эстафетада Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова мен Фаина Потапова жарыс жолына шығады.

Топтық жарысқа төмендегі спортшылар қатысады: Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина және Анжела Соловьева.

Жасөспірімдер арасында Ақпейіл Өсім, Бота Батырбекова, Виолетта Казакова, Елизавета Склярова, Ангелина Буренкова, Евгения Заам,  Екатерина Удовыкина, Милана Лебединская, Мария Елькиналар бақ сынайды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...