Эльжана Таниева олимпиада қарсаңында Германияда жаттығу жиынын өткізеді

Эльжана Таниева олимпиада қарсаңында Германияда жаттығу жиынын өткізеді

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Эльжана Таниева Париж Олимпиадасы қарсаңында Германияда жаттығады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

"Алдағы жарыстар Еуропада өтеді. Екі әлем кубогі бар. Эльжананың бағдарламасын қиындатып, жаңарған жаттығуларды екі халықаралық жарыста байқап көреміз. Кейін Германияда жаттығу жиынын өткіземіз. Қазіргі әлем чемпионы Дарья Варфоломеев сол жақтан. Ал Олимпиадаға бір апта қалғанда климатқа бейімделу үшін Испанияда боламыз", - деді бас бапкер. 

Париж Олимпиадасында көркем гимнастика бәсекесі 8-10 тамыз аралығында өтеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...