«Ролан Гаррос» Елена Рыбакинаны Қазақстанның болашақ жұлдызы деп атады

«Ролан Гаррос» Елена Рыбакинаны Қазақстанның болашақ жұлдызы деп атады

Францияның теннистен ашық чемпионатының («Роллан Гаррос») Twitter желісіндегі ресми парақшасында Елена Рыбакина туралы видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Роликте Рыбакина туралы мәлімет және 2020 жылғы жетістіктері туралы айтылды.

«21 жастағы Елена Рыбакина - WTA рейтингінде 18-орын. Қазақстаннан шыққан болашақ жұлдыз өткен жылмен салыстырғанда 154 орынға көтерілді. 2020 жылы он турнирдің бесеуінің финалында ойнады. 28 жеңіс - 2020 жылғы ойыншылар арасында ең үздік көрсеткіш. Негізгі мақсаты: «Әлемнің бірінші ракеткасы болу және «Үлкен шлем» турнирін жеңу» (Рыбакинаның сөзі). Рыбакина «Роллан Гарроста» өз талантын көрсетуге дайын», - делінген видеода.

Айта кетейік, Рыбакина румыниялық Сорана Кырстюді 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...