Шымкентте көкпардан жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Шымкентте көкпардан жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Шымкентте осыдан 1 апта бұрын басталған көкпардан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 17 команда қатысты.

Жарыстың жабылу салтанатына «Көкпар» федерациясының президенті Бауыржан Исабаев арнайы қатысып, жүлдегер жас шабандоздарды жеңістерімен құттықтап, алда өтетін жарыстарға сәттілік тіледі.

Аламан доданың ақтық сынында Түркістан облысының «Тұран» командасы мен Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы кездесті. Жамбылдық шабандоздар қарсыластарын 13:4 есебімен жеңіп, Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.

Ал, чемпионаттың қола жүлдесіне Шымкент қаласы мен Атырау облысының командалары таласты. Шымкенттік команда атыраулықтарды 6:1 есебімен жеңіп, «үздік үштікті» қортындылады.

Жарыс жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар, арнайы кубок және медальдар мен дипломдар табысталды.

Айта кетейік, аталмыш чемпионатты ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен ҚР «Көкпар» федерациясы ұйымдастырды.

Ал, жарыстың Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...