Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық экипаж академиялық ескек есуден ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды.

А финалында Владислав Яковлев пен Иван Чернухин мәреге бірінші болып жетіп, басты қарсыластары Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақордада өткен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды...