Рината Сұлтанова Азия ойындарының алғашқы жарыс күні Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді

Рината Сұлтанова Азия ойындарының алғашқы жарыс күні Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы алғашқы алтын жүлдесі. Рината Сұлтанова алғашқы жарыс күнінде жеңіске жетіп, ұлттық құраманың алтын медальдар есебін ашты.

Жарыс қорытындысы:

1-орын – Рината Сұлтанова (36:23.72)

 2-орын – Чжан Хао (36:28.40)

 3-орын – Син Джиын (36:56.14)

Бұл – Рината Сұлтанованың екінші Азиадасы. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол жекелей уақытқа жарысудан қола медаль жеңіп алған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақордада өткен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды...