ТЖМ басшысы шайбалы хоккейден өткен алғашқы кубоктың жеңімпаздарын наградтады

ТЖМ басшысы шайбалы хоккейден өткен алғашқы кубоктың жеңімпаздарын наградтады

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы қаласында ведомствоның аумақтық бөлімшелері арасында шайбалы хоккейден өткен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғашқы кубогының жабылу рәсіміне қатысты. Турнирді Қазақстан хоккей федерациясының қолдауымен ТЖМ BATYR TEAM спорт клубы ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Екі күн бойы еліміздің әр өңірінен келген командалар турнирдің басты жүлдесі үшін бірқатар матч өткізді. Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар» командасы үшінші орынды иеленсе, Алматы қаласының «Барыс» командасы күміс жүлдегер атанды, Қарағанды облысының «Қыран» командасы жеңіске жетті.

Үздік шабуылшы болып «Қыран» командасының ойыншысы Никита Рублев танылды. Үздік қорғаушы атағына Павлодар облысының «Eртіс» командасынан Марат Нажмиденов ие болды. Ал үздік қақпашы болып «Қызылжар» командасының ойыншысы Анатолий Терехин танылды.

Наградтау рәсіміне Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев, BATYR TEAM спорт клубының басшысы Әділ Қайырбаев, ардагерлер қауымдастығының өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты.
ТЖМ басшысы турнир ведомствоның жыл сайынғы дәстүріне айналып, азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлері арасындағы командалық өзара іс-қимылды нығайтуға және ұжымдық бірлікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...