«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды

«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды

1-9 мамыр аралығында Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды No-comment.kz - Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ел біріншілігінің дүбірлі додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 19 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың топтық кезеңінде жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсеткен Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы жартылай финалда Алматы облысының құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.

Ал шешуші кездесуде жамбылдық көкпаршылар Шымкент қаласының командасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстан Республикасының 16 дүркін чемпионы атанып, ел спорты тарихындағы жарқын жеңістерінің бірін тіркеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...