Галбадрах Токиоға барады

Галбадрах Токиоға барады

22 маусымда Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес, Токио олимпадасына жолдама алған дзюдошылар тізімін жариялады.

Оған сәйкес, Шымкент қаласының спортшысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах 48 келіде лицензияға иелік етті. Спортшы олимпиадалық рейтингте тиісті ұпай жинаған. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отгонцэцэг Галбадрах – әлемдегі үздік дзюдошылардың бірі. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Әлем чемпионатының және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Сонымен, Шымкент қаласы спортшыларының қоржынында 11 Олимпиада жолдамасы бар.

Стенд ату – Сәрсенкүл Рысбекова, Зоя Кравченко

Оқ ату – Юрий Юрков

Бокс – Закир Сафиуллин

Каратэ – Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева

Байдарка және каноэда есу – Сергей және Тимофей Емельяновтар

Көркем гимнастика – Алина Әділханова

Дзюдо – Отгонцэцэг Галбадрах

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...