Бүгін Тоқаев видеоүндеу жасайды

Бүгін Тоқаев видеоүндеу жасайды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Ал,жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде көруге болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақордада өткен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды...