AMANAT: Маңғыстау облыстық филиалында кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті

AMANAT: Маңғыстау облыстық филиалында кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті

«Amanat» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Amanat» партиясының кезектен тыс XXV съезі 7 ақпан күні өтеді деп жоспарланған. Осыған орай партияның барлық өңірдегі филиалдарында кезектен тыс конференциялар ұйымдастырылып жатыр. «Amanat»  партиясының Маңғыстау облыстық филиалында өткен кезектен тыс  XXXVIII конференцияны партияның Маңғыстау облыстық филиал төрағасы Нұрбек Қарасаев жүргізді.

«Құрметті делегаттар, бүгінгі конференцияда «Amanat»  партиясының Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері  бойынша сайланатын Маңғыстау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну міндеттері тұр. Сондықтан жиынды ашық форматта өткізуді ұсынамын», - деді «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасайұлы.

Конференцияда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округі бойынша үміткерлердің тізімі қаралып, ұсыныстар тыңдалды.

Сондай-ақ кезектен тыс конференцияда 7 ақпанда Астана қаласында өтетін «Amanat» партиясының кезектен тыс XXV съезіне Маңғыстау облысынан баратын делегаттар тізімі анықталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...