ҚР ОСК Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады

ҚР ОСК Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің хабарлауынша, дауыс беруге 9 351 539 азамат қатысты, сайлаушылардың келу көрсеткіші 74,08%-ды құрады.

«Сайлау қорытындысы бойынша депутаттық мандаттарды бөлуге мына бес саяси партия жіберілді: «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Ауыл» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және Respublica партиясы. Қазақстанның «Байтақ» партиясы мен Қазақстан Халық партиясы 5%-дық шекті еңсере алмағандықтан, мандаттарды бөлуге қатыспайды. Осылайша, дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында төмендегідей бөлінеді: «Әділет» партиясы – 110 мандат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8, «Ауыл» партиясы – 10, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8, Respublica партиясы – 9», – деді Нұрлан Әбдіров.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған...