«Nur Otan» партиясының атауы «AMANAT» болып өзгереді

«Nur Otan» партиясының атауы «AMANAT» болып өзгереді

«Nur Otan» партиясының атауын «AMANAT» етіп өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII Съезінде Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. 

«Ашығын айтқанда, елмен бірге партиямыз да жаңаруы керек, ұйымның жұмысын жаңа бағыттармен толықтырып, тиімді жұмыс тәсілдерін енгізуіміз керек. Осы орайда партиямыздың атауы өзгеріп, жаңаруы керек деп есептейміз. Мұндай өзгерістердің қажет екенін өңірлерге барғанда кездесулер кезінде байқадық. Бұл мәселе алдын ала жан-жақты талқыланды, бірқатар ұсыныс айтылды. Партияға «AMANAT» деген атау лайық деген тоқтамға келдік. Осы елді, осы жерді бабаларымыз бізге аманат етіп тапсырды, енді біз оны келер ұрпаққа лайықты аманаттауға тиіспіз», - деді  Ерлан Қошанов.

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияның атын өзгерту туралы ұсынысты қолдап, бұған дейін жұмыс істеген белсенділердің еңбегін ұмытпауға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...