Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барады

Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ.

«Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ. 

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде», - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...