Қазақстан-Малайзия қатынастары жаңа серпін алуда

Қазақстан-Малайзия қатынастары жаңа серпін алуда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Малайзия Сыртқы істер министрінің орынбасары Луканисман бин Аванг Саунимен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Малайзияны өңірдегі негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастырады. Екі ел арасындағы 34 жылдан астам дипломатиялық қатынастар кезеңінде тұрақты, сындарлы және мазмұнды саяси диалог қалыптасты», – деп Ә.Бақаев атап өтті.

Тараптар саяси өзара іс-қимылды жандандыру перспективаларын, парламентаралық байланыстарды дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ білім беру, туризм және жоғары технологиялар салаларындағы байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар шарт-құқықтық базаны одан әрі жетілдіруге өзара қызығушылық расталды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы және Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды, оның ішінде көпжақты алаңдарда ұстанымдарды үйлестіру және бастамаларды өзара қолдау мәселелері қарастырылды.

Қазақстан тарапы малайзиялық серіктестерді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің қызметі туралы хабардар етіп, өңір мемлекеттерінің осы алаң жұмысына қатысуын кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Малайзия ынтымақтастығын дәйекті түрде дамытуға және өңірлік әрі жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға өзара ниет білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...