Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлжан есімді шымкенттік тұрғын соңғы уақытта халық көп жиналған орындарда әдейі шу шығарып, қоғамдық резонанс тудыруды әдетке айналдырған. Әкімдікке қайта-қайта келіп,...

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Мәртебелі Режеп Тайип Ердоғанға шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін шынайы ризашылығын...