Жексенбідегі жәрмеңке

Жексенбідегі жәрмеңке

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы 16 ірі сауда үйінде мониторинг жүргізіледі.  

Бұл туралы аталмыш ауданның әкімі Абзал Әліқұлов әкімдіктің инстаграм парақшасында жүргізген тікелей эфирде мәлімдеді.

Аудан аумағында әр жексенбі сайын «Рахима-плаза» сауда үйінің жанында 192 кәсіпкердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі.

Аталған жәрмеңкелерде аудан әкімдігінің қызметкерлері әр апта сайын карантин талаптарын сақталуын, таңғы 8:00-ден 15:00-ге дейін қатаң қадағалауда.

Сонымен қатар, Қаратау ауданы тұрғындарын сапалы, төмен бағада халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы Төле би және Ордабасы аудандарының әкімдіктерімен меморандум түзіліп, сауда орындары берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...